18+

Ақтөбедегі айтыс туралы тікелей эфир

Жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі Марат Ахметов Ақтөбедегі айтыс туралы тікелей эфир өткізеді деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Бүгін сағат 18.00-де облыстық халық шығармашылығы орталығының «Жайнай бер, өнер, жаңаша!» онлайн іс-шарасы аясында @aqtobe_madeniet инстаграм желісі арқылы жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі Марат Ахметов Ақтөбе өңірінің айтысы туралы ой өрбітеді.

Тікелей эфирдің қонағы – ақын Сайлуабек Елманов. 

Ақтөбе тұрғындары үйден шықпай-ақ айтыс туралы тың ақпараттар біле алады.