• Главная
  • «Дарабоз – 2018» турнирінен ақтөбелік көкпаршылар 1 миллион теңге жүлдемен оралды.
16:52, 24 октября 2018 г.
Надежный источник

«Дарабоз – 2018» турнирінен ақтөбелік көкпаршылар 1 миллион теңге жүлдемен оралды.

«Дарабоз – 2018» турнирінен ақтөбелік көкпаршылар 1 миллион теңге жүлдемен оралды.

Атырау қаласында өткен «Жайық жағалауында – Каспий кубогі» атты халықаралық турнирде ақтөбелік көкпаршылар 1 миллион теңгенің жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде енді бой көтеріп келе жатқан спорт түрі бойынша бұл жолғы көкпар додасында облыс құрамасы легионер ойыншыларсыз барған. Әрбір аудан мен ауылдың мықты спортшыларынан жиналған команда нәтижесінде үшінші орынды қанжылады.

«Атыраудағы «Дарабоз – 2018» ашық турнирінде көкпардан алты команда сынға түсті. Біз тек Шымкенттің «Түлкібас» командасына есе жібердік. Үлкен жарыста үшінші орынға ие болып 1 миллион теңгенің жүлдесін ұтып алдық. Айта кететін жағдай осы турнирге легионер ойыншыларсыз бардық. Бүкіл ауылдың мықты көкпаршылары жиналды. Талдысай ауылының батыр балуаны ерекше көзге түсті. Байғанин, Мұғалжар, Алға, Шалқар және қаланың көкпаршылары құрамада болды», — Ақтөбе облыстық көкпар федерациясының төрағасы Фархад Сансызбаев.

Сонымен қатар, басқа спорт түрлері бойынша қатысқан ойыншылар жүлдесіз қайтпаған. Атап айтатын болсақ, аударыспақтан спортшыларымыз алдыңғы төрт орынды да жеңіп алған. Теңге ілу мен қыз қуудан да алғашқы болса, ал жамбы атудан үшінші орынды иеленген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...