• Главная
  • Қала тұрғындарының жағдайы бақылауға алынды
16:53, 25 октября 2018 г.
Надежный источник

Қала тұрғындарының жағдайы бақылауға алынды

Қала тұрғындарының жағдайы бақылауға алынды

Қазақстан Республикасының "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнің облыстағы күндері" акциясы барысында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қала тұрғындарының үйлерін аралап, бірқатар сауалдарға жауап берді.

Шара барысында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көрсету және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларға тұрақты жұмыс орнына, белсенді шараларға қатысу туралы ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.

Соның нәтижесінде, 11 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 13 адамның статусы анықталды. Сонымен қатар, 37 адам бағдарлама бойынша тұрақты жұмысқпен қамтудың шараларына бағыт алды..

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...