11:41, 26 октября 2018 г.
Надежный источник

«Жас сақшылар» рейдке шықты

«Жас сақшылар» рейдке шықты

Құрамына 50 азамат жинақталған жасақтың жұмысы қала үшін өте маңызды. Олар тәртіп сақшыларымен бірге әр апта сайын заң бұзушылармен күреседі.

Ерікті жастар патрулінің мүшелері құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде құқықтық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады, бірқатар күндізгі, түнгі рейдтер және жатақханалардағы студенттерге жасалған жағдайын, оқу жылына дайындығын қадағалайды.            

Астана мен Алматы ауданында түнгі 23.00-ден кейін ата–аналарының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, оларға деген әкімшілік шаралар қолданып, «Қалай тұрасың және қалай тамақтанасың, студент?» атты шараға белсене атсалысып жүр. 

"Біздің бұл шараларды ұйымдастырудың басты масаты - жастардың бойына жағымды әдеттерді қалыптастыру  сонымен қатар заң талаптарын сақтауға баулу, әлеуметтік жағынан пайдалы іске шақыру арқылы теріс әрекеттерден арылту. Жастар арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу" - деп атап өтті облыстық жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру бөлімінің маманы Нұрсейіт Таңатаров.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...