• Главная
  • Ақтөбе балалары жұлдыздай жарқырады
09:20, 29 октября 2018 г.
Надежный источник

Ақтөбе балалары жұлдыздай жарқырады

Ақтөбе балалары жұлдыздай жарқырады

Ақтөбенің "Нұрдәулет" сауда орталығында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары "Музыка для души" атты классикалық кешін өткізді.

Аталмыш шара жастардың қоғамдық іс-шараларға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама әртүрлі қазақ халқы және шет ел композиторларының шығармаларына толы болды.

Мектеп тәрбиеленушілері фортепиано (рояль) аспабында үлкен шеберлік танытты. Орталыққа жиналған қала тұрғандары жас музыка шеберлерін ду қол шапалақпен қарсы алып, болашақта үлкен жетістік пен табыс тіледі

Ал музыкалық кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздары мен оқушыларын Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.М. Табылғанов Алғыс хаттарымен марапаттады.

"Бүгін расымен де тамаша кеш өтіп жатыр. Сауда орталығына шаруаларыммен келіп ем, әсем әуенді естіп, кідіріп қалдым. жақсы әсер алдым. Ұйымдастырушыларға шексіз алғыс, ал балақайларға жарқын болашақ тілеймін!" - деп атап өтті Альбина Калдымуратова, қала тұрғыны.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...