Ойылда "Бақытты бала" жобасы аясында ота жасалды

Ойылда "Бақытты бала" жобасы аясында ота жасалды, Алдрапекова Альбина

"Бақытты бала" жобасы Қазақстан бойынша үлкен қарқынмен жүзеге асырылып жатыр. Түрлі шаралар, жоба мен акция кең көлемде Ақөбенің аудандарында да өтуде.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы орталық ауруханада "Туған жерге тағзым" акциясы барысында Саралжың елді-мекенінің тумасы, Ақтөбе медициналық орталығының балалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Болат Медетбаев аудандағы екі балаға жоспарлы ота жасады. 

Көмекшісі Азат Есенкуловпен "Аталық безінің су мені", "Туа біткен шап жарығы" науқастығы бойынша жүргізген ота сәтті өтті.

"Ойыл ауданына сапар барысында Болат Медетбаев улкен тәжірибелік көрсетті. Ота аяқталғаннан кейін жас мамандар мен дәрігер-хирургтарға арналған арнайы шеберлік сағаттары жүргізілді. Берген сабақтары үшін алғысымыз шексіз", - деп атап өтті Арайлым Нұрымгереева,  Ойыл орталық ауруханасының қызметкері.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии