16:11, 2 ноября 2018 г.
Надежный источник

Ақтөбе чемпионын еске алды

Ақтөбе чемпионын еске алды

Ақтөбе қаласындагрек-рим күресінен ХДСШ, КСРО халықтарының Х жазғы Спартакиадасының чемпионы, Әлем және КСРО Кубоктарының иегері Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған жастар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды.

Турнир 10 салмақ дәрежесі бойынша - 55-ге дейін, 60,63, 67, 72, 77, 82, 87, 98 и 130 кг және UWW (Халықаралық күрес Федерациясы) ережесі бойынша өтеді.

Айтулы додаға еліміздің барлық облыстарынан және Ресейден 200-ге жуық спортшы қатысуға тілек білдірді.

Шараның құрметті қонақтары – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, грек-рим күресінен ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Жұмашев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен ҚР жастар құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Рысбек Нұрғазин және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері Әділжан Хангелдиев.

Жеңімпаздардың есімі ертең анықталатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...