13:59, 6 ноября 2018 г.
Надежный источник

Баспаналы боламын десеңіз!

Баспаналы боламын десеңіз!

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің хабарлауынша, мемлекеттеік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе қаласы әкімдігі бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

Пәтерлер «НұрАқтөбе» ықшам ауданында орналасқан, 500 данада, пәтерлердің ауданы 32 ш.м мен 54 ш.м аралығын құрайды, таза әрлеуде пәтердің бір шаршы метрі 100 000 тг-ден 120 000 тг-ні құрайды. Егер кезектегі азаматта тұрғын үй құнының 10%-ы болған жағдайда, қалған 10%-ы мемлекеттен кейінгі 5 жыл ішінде пайыссыз бөліп төлеп қайтару негізінде берілетін болады (мысалы, 45 ш.м пәтердің құны 4 950,0 мың тг құрайтын болса, мемлекеттік бюджеттен 495,0 мың тг бөлінетін болады, ал қарыз алушы азамат бұл қарызды 5 жыл ішінде ай сайын 8 250 тг төлеп қайтаратын болады).

Атап өтетін жайт, бұл несиелі баспана, сол себепті бағдарламаға тек жұмыс жасайтын тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар қатыса алады. Ағымдағы жылдың 6 мен 9 қараша айында Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкімен бірлесе Халықтық кеңседе бағдарламаға қатысу үшін арыздар қабылданатын болады. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...