• Главная
  • Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна төмендетілді
08:18, 8 ноября 2018 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна төмендетілді

Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна төмендетілді

Бұл туралы Ақтөбе ішкі саясат басқармасы хабарлады. Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында берген тапсырмасын орындауда Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй займының алғашқы жарнасын 20 пайыздан 10 пайызға төмендету үшін тұрғын үй сертификаттарын беруді бастады. Материалдық қолдауды баспана кезегінде тұрған ҚТҚЖБ салымшылары «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу кезінде пайдалана алады.

7 қараша, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үй сертификаттарын беру, сонымен қатар, жалдамалы пәтерді сатып алу құқығымен ұсынуда серіктес болу туралы келісімге қол қойды.

Тұрғын үй сертификатын беру үшін облыс әкімдігі бірінші кезеңде 250 миллион теңге бөлді. Бұл қаражат банктің 500-ден аса салымшысының алғашқы жарнасын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 
Қоса кетейік, «Нұр Ақтөбедегі» таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтердің бір шаршы метрінің құны 100 000 – 120 000 теңгені құрайды. Пәтерлердің жалпы шаршы метрі - 32-54 шаршы метр. Салымшыда баспана құнының 10%-ы болу керек. Алғашқы жарнаның қалған 10%-ын әкімдік бюджеттен береді. Оны қарыз алушы бес жыл ішінде ай сайын 8 250 теңгеден қайтаратын болады. Пәтер құнының қалған бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5%-дық жеңілдетілген несиемен ұсынады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...