
13:58, 9 ноября 2018 г.
Надежный источник
Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге қаржы бөлінді

Аталған қаржыны жыл басынан бері "Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ бөлді.
Бұл туралы МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова "Алаш айнасына" берген сұхбатында айтып өтті:
"7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 599,3 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 76 пайызы", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын.
Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд теңге. «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Ботагөз Жақселекова.
Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1374 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 638-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 177-ге артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе өсіп, 125,1 млрд теңгені құрады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:38
23 апреля
19:13
23 апреля
16:19
23 апреля
11:08
16 апреля
15:49
14 апреля
14:49
14 апреля
Объявления
live comments feed...
Комментарии