19:12
13 апреля

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми парақшасында хабарланған болатын:
"Қадірменді ақтөбеліктер мен қала қонақтары! Ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар тайғақ болуы мүмкін. Біз өз кезегімізде барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырудамыз! Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!"

Шаһар жолдарын тазарту жұмыстары бүгінде тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа-райы күрт салқындауы мүмкін. Жауған қар мен көктайғақ жол халықты әбден әбігерге салуы ықтимал. Сондықтан барынша сақ болған абзал.
Комментарии