• Главная
  • Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиесілі?
13:47, 12 ноября 2018 г.
Надежный источник

Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиесілі?

Бұл жайында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ассистенттері Ақтөбе қаласының тұрғындарына толықтай ақпарат берді. Бүгінгі таңда Астана мен Алматы аудандары бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жайын ақтөбеліктер арасында  насихаттап, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. 

Аталған бағдарлама халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қол­дауға арналған. Бұл жоба – аз қамтылған отбасыларға шартты ақ­ша­лай көмек төлеумен қатар, еңбекке қа­бі­летті отбасының мүшелерін жұмыспен қам­туды мақсат етеді. Мемлекет басшысы да халыққа Жолдауында «Биылғы жылдан бастап, атаулы әлеу­мет­тік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне кө­шеміз» дегені де сондықтан.

Аула аралау жұмыстарының мақсаты - жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру. 

Бұл бағыттағы жұмыстар Ақтөбе қаласы бойынша әлі де жалғасуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...