14:35, 12 ноября 2018 г.
Надежный источник

Мүгедек жандар мүддесі үшін

Мүгедек жандар мүддесі үшін

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бабының 7 тармағына сәйкес, 2018 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл туралы "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ хабарлады.

Жұмыс - тұрақтылық кепілі. Мүгедектер де өзге адамдар секілді жұмысқа араласқысы келеді. Сонымен қатар, жыл өткен сайын олардың қатары көбейіп, жұмыс сұраушылар артып жатқанын ерекше атап өтуге болады.

2018 жылға жұмыспен қамту органдарымен тоғыз арнайы жұмыс орындарын құру жоспарланған. Бүгінгі күнгі алты мекеме арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдіріп отыр. Соның бірі «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігі.

«Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша бүгінде бірінші топтағы мүгедек, Анастасия Чернопрудова, маркетинг мәселесінің менеджері болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта Анастасиямен еңбек келісім-шарты жасалып, жұмыс күнінің кестесі бекітілген. Ал Анастасия болса өз міндеттерін орындауға кірісті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...