• Главная
  • Ақтөбе үміттері жарыс жолына шықты
09:12, 14 ноября 2018 г.
Надежный источник

Ақтөбе үміттері жарыс жолына шықты

Ақтөбе үміттері жарыс жолына шықты

13 қараша күні «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ базасында «Ақтөбе үміттері» атты жүзуден 2007, 2008, 2009, 2010 ж.т. ер балалар мен қыздар арасында республикалық турнир бастау алды, деп хабарлайды City04.kz

Жарысқа еліміздің әр аймағынан барлығы 450 спортшы қатысуда. Бұл шараның мақсаты жастар арасында жүзу спортын насихаттап, спортшылар арасында достық қатынасты нығайту деп отыр ұйымдастырушы мамандар.

«Биыл бұл «Ақтөбе үміттері» атты республикалық турнир екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге арта спортшы қатысуға ниет білдірді. Атап кететін жәйт, осы турнир республикалық спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына ресми түрде енгізілген болатын. Сол себепті, енді жыл сайын Ақтөбеде дәстүрлі түрде өткізілетін болады»,-дейді «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ директорының орынбасары Ляззат Бектүрлиева.

Злата Ширалиева , Ақтөбе облысының атынан қатысушы:

-«Жүзу спортына қатысып жүргеніме 4 жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында бірнеше жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атанып үлгердім. Ал, бұл турнирге біз ұзақ уақыт дайындық жүргіздік. Біздің қарсыластарымыздың арасында Шымкент пен Астаналықтар өте мықты, алайда, біз де осал қарсыластар емеспіз»,- дейді.

Жарыс ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін жалғасын табады.

Ақтөбе үміттері жарыс жолына шықты, фото-1
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...