• Главная
  • Екі қола медаль қоржынға түсті
15:03, 14 ноября 2018 г.
Надежный источник

Екі қола медаль қоржынға түсті

Екі қола медаль қоржынға түсті

Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан Чемпионатында ақтөбелік Рустам Ибраев (60 кг)  және Есет Қуанов (66 кг) қола медалінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды City04.kz

 Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған ел біріншілігі 16 қарашаға дейін жалғасады. Оған 7 салмақ  бойынша 500-ден аса спортшы бақ сынайды. 

Рустам Ибраев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жанкүйерлеріне алғыс айтып, келген құттықпауларына ризашылығын білдірді.

"Біздің тиімді жұмысымыз, бұл біздің үлкен еңбегіміз. Спортта жағымды және  жағымсыз сәттер көп болып тұрады. Бірақ, бірінші жаттықтырушымызбен бірге жарқын болашағы бар жолда жүріп келеміз. Бізде бір арман мен мақсат бар.  Сондықтан, бүгін қола жүлдесіне ризамыз. Бұл біздің жеңісіміздің бастамасы ғана болсын! Барлықтарыңызға жақсылық тілеп, құттықтауларыңызға үлкен рахмет айтамын", - деп жазды ол. 

(Фото aktobe_obl_sport парақшасынан алынды)

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...