• Главная
  • Таңдаған мамандық - сенің болашағың
17:05, 15 ноября 2018 г.
Надежный источник

Таңдаған мамандық - сенің болашағың

Таңдаған мамандық - сенің болашағың

Ақтөбедегі №23 мектеп – лицейінде 2015 жылдан бастап "Облыстық жастар ресурстық орталығының" және "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының бастамасымен ашылған «Кәсіптік бағдар беру» бөлмесінің жұмысын жалғастыру мақсатында оқу ордасының жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды City04.kz

Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені барлығымызға анық. Осы орайда білікті мамандардың кеңесі керек екені рас.

"Кездесу барасында облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының м.а А.Бекниязова оқушыларға «Мамандық таңдау мәселесі және жастар өз болашағына немқұрайлылық танытпау қажет!» тақырыбында жастардың сұрақтарын тыңдап тиісті бағыт- бағдар көрсетіп, кеңестер берді" - деді Жастар ресурсының мамандары. 

Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсіндірген мамандарға мектеп оқушщылары шексіз алғыстарын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...