• Главная
  • Екпе мәселесі Ақтөбеде бірінші орында тұр
17:27, 15 ноября 2018 г.
Надежный источник

Екпе мәселесі Ақтөбеде бірінші орында тұр

Екпе мәселесі Ақтөбеде бірінші орында тұр

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін қалалық әкімдікте қалада екпеден бас тартқандардың санын азайту жұмысы бойынша жиналыс өткізілді.

Жиынға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К.Айдарханова төрағалық етті. Оған қалалық Ардагерлер кенесінің төрағасы А.Мырзалин, білім саласының ардагерлері, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы А.Куштаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Қ.Райжанов, қаладағы перзентханалардан өкілдер, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.


Күн тәртібінде, 2018 жылдың 10 айында қалада екпеден бас тартқандардың санын азайту жұмыстары туралы және Ақтөбе қаласының тұрғындарының арасында жедел респираторлы вирусты аурулар мен тұмау ауруының ауруының эпидемиологиялық жағдайы мен эпидемиологиялық маусымның алдында тұмауға қарсы егумен қамту жұмыстары мәселелері қаралды.

Нәтижесінде қала әкімінің орынбасары К.Айдарханова барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...