12:24, 16 ноября 2018 г.
Надежный источник

"Стимул+" 2 жасын атап өтті

"Стимул+" 2 жасын атап өтті

«Стимул+» клубы осыдан 2 жыл бұрын  "Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау оралығы" қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған болатын, деп хабарлайды City04.kz

 Клуб құрылған күннен бастап өз құрамына азаматтық ұстанымы белсенді, талантты,  қайсарлы жастарды жинап, әлеуметтік, рухани, тәрбиелік маңызға ие жүздеген әлеуметтік іс-шаралар өткізді. Олар, әлеуметтік акциялар, шығармашылық-әдеби кештер, дөңгелек-үстелдер мен конференциялар, спорттық жарыстар, интерактивті тренингитер және тағы басқалары.  Аталған шараларға қатысу арқылы, әр топ мүшесі өзінің жеке дамуына, көз-қарасының жақсы жаққа өзгеріп, әлеуметтенуіне зор септігі тиетіні сөзсіз.

Мерекелік шараны ұйымдастырушылар "Әр чемпионның жеңісі – қайсар ананың еңбегі" екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, осы кеш барысында  «Добрые встречи» жобасына тұсау кесу рәсімін өткізді. 

"Стимул+" 2 жасын атап өтті, фото-1

"Осы жылы жұмыссыз жастарға керемет мүмкіндік болған жоба ол - жаспрожект. "ZhasProject"  –  осал топтағы жастарға арналған бағдарлама. Қолында дипломы жоқ, жұмыссыз жүрген жастар, мүмкіндігі шектеулі және тұл жетімдерді қолдауға бағыт алған бірден-бір жоба. Бұл бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ал қатысу үшін үш немесе бес адамнан тұратын команда жинауы керек. Және осы қатысушылар өз жобаларын дайындайды.Ақтөбе облысы бойыншажеңіп алған165 жоба. Соның ішінде 34 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар, біздің «Стимул+» топ мүшелері. Ақтөбе облысы бойынша  жеңіп алған  165 жоба. Соның ішінде 34 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар, біздің «Стимул+» топ мүшелері", - дейді ұйымдастырушылар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...