• Главная
  • Қаламыздың бетке ұстар азаматтары оқушылармен кездесті
15:04, 16 ноября 2018 г.
Надежный источник

Қаламыздың бетке ұстар азаматтары оқушылармен кездесті

Қаламыздың бетке ұстар азаматтары оқушылармен кездесті

Ақтөбе қаласының оқушылары облысымыздың бетке ұстар азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды City04.kz

Халықаралық студенттер күніне орай №51 мектеп гимназиясының оқушылары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің үздік студенті Аслан Абуовпен және «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі Әлішер Садықпен кездесті. 

"Еліміздің әрбір азаматы - бетке ұстар барлық тұлғаларымызды тануы тиіс. Сол себепті, еліміздің әртүрлі саладағы алдыңғы буын өкілдерін оқушылармен кездестіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оқушыларды дұрыс мамандық таңдап, қоғамда өз орнын табуына көмектесіп, студенттік өмірмен таныстыру мақсатында осы шаралар ұйымдастырылуда", - дейді ұйымдастырушылар.

Қаламыздың бетке ұстар азаматтары оқушылармен кездесті, фото-1

Әрбір мектеп бітірушінің алдында бір сұрақ бар екені барлығымызға мәлім. Білікті маман -заман талабы. Осы орайда оқушылар мен келген қонақтар сөз қозғап, әңгімелесті.


Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...