
22:38, 16 ноября 2018 г.
Надежный источник
Облыс басшысының Мәртөк ауданынына сапары

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Мәртөк ауданында болды, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе ақпараттың мәліметінше, өңір басшысы іс сапары кезінде «Жайсаң» шекаралық өткізу пунктінің жұмысымен танысты. «Жайсаң» - өңірдегі ең ірі шекаралық өткізу пункті болып табылады. Көліктердің негізгі легі Ресей Федерациясының Орынбор облысына осы жерден жүреді. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде ақтөбеліктер көлік кептелісіне жиі шағымданып жүр. Осыған назар аударған өңір басшысы жағдайды тексеру үшін аталған жерге өзі келді.
Шекарашылардың айтуынша, «Жайсаң» шекаралық өткізу пунктінде автокөліктер жүретін төрт жолақ бар. Шекарадан өту кезінде қазақстандықтар тарапынан еш кедергі жоқ. Ал Ресей жағындағы «Сағаршын» қосынының өткізу мүмкіндігі анағұрлым аздау, кептеліс соның салдарынан.
Сондай-ақ, сапар кезінде Мәртөк ауданында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі талқыланды. Бұл сұрақты мемлекет басшысы жуырда Ақтөбе облысына сапары кезінде пысықтауды тапсырған. Айталық, транзиттік жүктер үшін көліктік-логистикалық хаб құру нұсқасы қаралып жатыр. Оны не Мәртөк ауылында, не халықаралық әуежай ауданында тұрғызу жоспарланып отыр. Осыған байланысты шекара қосындарының сапалы жұмыс жасаулары маңызды.
Бұдан басқа, өңір басшысы «Желэнерго» ЖШС жел стансасында болды. Станса Кеңсахара ауылы аумағындағы мәртөк тас жолының бойында орналасқан, ол желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететін «қызыл жолақтың» төбесінде жабдықталған. Жалпы, салмағы 50 тонна болатын неміс өндірісінің қондырғысы сағатына 450 киловаттан өндіре алады.
Бұдан өзге, Бердібек Сапарбаевқа түрлі майларды араластыратын зауыты бар көліктік-логистикалық орталық құрылысының жобасы таныстырылды. Жобаның бірінші кезеңін жарын жүзеге асыру жоспарланған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:00
14 марта
18:18
14 марта
15:00
14 марта
13:15
14 марта
Объявления
17:19, 13 марта
54
17:20, 13 марта
3
live comments feed...
Комментарии