• Главная
  • Ұлы дала ойындары:Ақтөбеде үздік балуандар анықталды
09:42, 19 ноября 2018 г.

Ұлы дала ойындары:Ақтөбеде үздік балуандар анықталды

Ұлы дала ойындары:Ақтөбеде үздік балуандар анықталды

Ақтөбеде тұңғыш рет ұйымдастырылған аударыспақтан  облыс әкімінің кубогы өз мәресіне жетті. Шараға барлығы 60-қа жуық балуан қатысты, деп xабарлайды City04.kz. 

Ақтөбе қалалық ұлттық спорт мектебінің жабық манежінде ту көтерген бұл турнирде балуандар 60, 70, 80, 90 салмақта бақ сынасты. Ал «Ақтөбе облысы әкімінің кубогына» арналған республикалық турнирін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Аударыспақ федерациясы басшылыққа алған болатын.

Айта кетсек, 2018 жылғы шілде айында Астанада өткен ІІІ Азия чемпионатында Ақтөбе облысының балуандары үш салмақта чемпион атанды. Оның ішінде 60 келіде Азамат Серғазин, 70 келіде Шыңғысхан Ержанов және абсолюттік салмақта Арман Сағынбаев ІІІ Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған еді. Үш балуан да Ақтөбе қалалық №3 ұлттық спорт мектебінің түлектері, тәжірибелі бапкер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абат Аймағамбетовтың шәкірттері. Бұл жолы да балуандар жоғары деңгейге жетіп, 60, 70, 90 келі салмақтың ақтық бәсекесінде және абсолютті салмақта жеңімпаз атанды. Тек 80 келі салмақта ғана бас жүлдені тараздық балуан Нұржігіт Әмзиев иеленді. 

Ұлы дала ойындары:Ақтөбеде үздік балуандар анықталды, фото-1

Ақтөбелік Арман Сағынбаев - обсолютті салмақ жеңімпазы атағына ие болды.
60 келі салмақта:
1 орын – Азамат Серғазин (Ақтөбе обл)
2 орын – Бейбіт Аронов (БҚО)
3 орын – Ермек Құралбай (Астана)
70 келі салмақта:
1 орын – Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе)
2 орын – Ринат Смағұлов (Ақтөбе)
3 орын – Бердіғали Жәкішев (Ақтөбе)
80 келі салмақта:
1 орын – Нұржігіт Әмзиев – (Жамбыл)
2 орын – Ағжан Мұрат (Павлодар)
3 орын – Данияр Мейрамбек (Ақтөбе)
90 келі салмақта:
1 орын – Арман Сағынбаев (Ақтөбе)
2 орын – Алтай Сүйеубаев (Ақтөбе)
3 орын – Дәурен Кеңесбаев (Ақтөбе)

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...