• Главная
  • Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым
10:42, 28 января 2019 г.
Надежный источник

Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым

Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым

Өз заманында ұлттың мүддесін ойлаған ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі қоғамда егемен елдің жарқын болашағын ойлап жүрген жалынды да, жігерлі қыз-жігіттер аз емес. Олардың бірі – Нұрсейіт Таңатаров. Келесі мақаламызда жас маман жайында әңгіме өрбітуді жөн көрдік, деп хабарлайды City04.kz.

Заман өзгеріп, талап күшейіп келе жатқан заманда, өркендеу кезеңіне аяқ басқан еліміз үшін мұндай жастардың көптеп болғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Нұрсейіт – Ақтөбеміздегі танымал еріктілердің бірі. Жас болса да бас бола білген біздің кейіпкеріміз әріптестерінің арасында үлкен беделге ие, жұрт сыйлайтын азамат.

Оның бастамашылдығы үшін, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын табандылығы мен креативті шешімдері үшін айналасы құрмет тұтады.

Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым, фото-1

«2012 жылы мектеп табалдырығынан университет табалдырығына аяқ бастым. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне, политехникалық факультетіне электрэнергерика мамандығына оқуға түстім. Университет қабырғасында білім алып жүріп, қоғамдық өмірге де араласып жүрдім. Қазақстан «Студенттер Альянсы» ұйымына, соның ішінде Орал «Студенттер Аляньсы» ұйымына ерікті болып кірдім. Бір жылдан кейін өзімнің белсенділігімді танытып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің координаторы болдым. Жарты жылды араға салып, Орал қаласының координаторы болып жұмысатқара бастадым. Қаланың жастар ресурстық орталығымен тікелей жұмыс жасадым. Жоғары оқу орнын бітірген соң, ауылда монтаждаушы болып жұмыс атқардым. 6 айдан кейін Отан алдындағы борышымды өтеуге Талдықорған қаласы Сарыөзек ауылына жол тарттым. Ол жақтан да ауылға өте жақсы көрсеткішпен оралдым. Әскерден келген соң,облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру» бөлімінің маманы болып жұмыс атқарып келемін. Бұл жұмысқа мен өзімнің Оралдағы жұмыс тәжірбиесіне қарап кірдім», - дейді.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер жылы...дәл осы пікірді Нұрсейіт те қолдайды. Сонымен қатар, ол - ардагерлерге, əлеуметтік әлжуаз топ санатындағы азаматтарға көмек көрсету, балалар үйінде, қарттар үйінде қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру сияқты түрлі əлеуметтік шараларға белсене қатысып жүрген еріктілердің бірі.

Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым, фото-2

«Бұндай жұмыспен айналысуға өмір себеп болды. Өйткені қоғамдық өмірге адам үйреніскеннен кейін, соңына дейін алып кетуі тиіс деп ойлаймын. Болашақта, бұйырса, өзімді еліме ерен еңбегі тиетін азамат ретінде көремін. Бұл өмірде жасаған игі және жасап келе жатқан игі ісім - ата-анамның атына кір келтірмегенім. Олар менімен мақтан тұтады деп білемін. Қарттарға, жетімдерге, жағдайы жоқтарға шамам келгенше аянбай көмектесіп келемін», - дейді жас маман.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – тұрғын-үй мәселесі екенін 25 жасар жігіт ерекше атап өтті. Жалпы биылғы жастар жылында жастар баспаналы болады деген жаңалық біраз Ақтөбе тұрғындарын қуантқан болатын.

«Жоғары жақтан жастарға үлкен көңіл бөлініп жатыр ғой негізі...сонда да, жаңадан оқу бітірген жастар жолдан адаспай, көп өлігі дипломдарымен қайда барарын білмей жатады. Біздер – еліміздің болашағымыз. Сол үшін де ұл-қыздардың жағдайы қарастырылу керек», – деп қосты.

Нұрсейіт Таңатаров: "Хайп" - мен үшін жат ұғым, фото-3

Нұрсейіттің айтуынша, әр адамның өмірі өз қолында. Атақты немесе танымал боламын десе де өз еркі. Бірақ оған жету жолын дұрыс таңдаған жөн. Қазіргі заманда жас ұл-қыздардың арасында әлеуметтік желіде «Хайп» деген жаңа ұғым пайда болды. «Еріктілер расымен де игі істермен айналысады ма, әлде жай ғана есеп үшін желіге суретсалып, жақсы атаққа ие болғысы келе ме? Ол да «хайптың» бір түрі ме?» деген сауалға ол былай деп жауап қайтарды:

«Бұл – қате пікір. Ия, әйгілі болу әр адамның өз қолында. Бірақ, еріктілер оны «атақ» үшін жасамайды. Ерікті – жұмысшы емес, оған кез-келген адам өз еркімен келіп, шараларға қатысады. Әрине, «Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын» жасанды, көзбояушы еріктілер де болады. Жасаған қайырымдылығын әрбір ерікті өзі үшін, рухани тазаруы, кемелденуі үшін жасауы керек. Сурет салатын себебіміз, өзге жастар көрсін, олар да сондай болсын, соған ұмтылсын деген ниет! «Хайп» деген басқа нәрсе. Оны күнделікті көріп жүрміз».

Жас маманның болашақтағы басты арманы – жақсы әке, елі сүйер азамат болу. Артынан ерген іні-қарындастары тәрбие алып, болашақта соның жемісін көрсе – өмірді бекер сүрмегенім дейді.

«Мен де өзім жаспын ғой, сонда да, артымнан еріп келе жатқан жас буын бар. Соларға күнделікті ақыл айтамын, бағыт-бағдар беремін. Ертең мен үлкен жасқа келгенде, алдыма келіп, алғыстарын білдіріп жатса, мен үшін сол үлкен бақыт.»

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...