• Главная
  • Ақтөбеде тіркелген 33 өрт оқиғасының 12-сі көлік құралдарында болған
16:12, 6 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде тіркелген 33 өрт оқиғасының 12-сі көлік құралдарында болған

Фото из интернета

Фото из интернета

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында газбен уланудың алдын алу жөнінде брифинг өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Актөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Хамида Ищанованың айтуынша, жыл басталғалы облыста 33 өрт оқиғасы тіркелген.

"Биыл 9 қаңтарда Ақтөбе қаласы Рысқұлов көшесінде болған өрт кезінде бір адам зардап шекті. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 7 адам, Ақтөбе қаласындағы "Авторемонтник» бау-бақша ұжымында - 1, "АЗФ-4" бау-бақша ұжымында 2 бала улы газбен уланды. Бұл жағдайларға тұрғын үйлердегі мұржалардың бітелуі себеп болып отыр. Адамдар өрт процесінде бөлінетін уландырғыш заттардың әсерінен зардап шегеді. Жылу және электр жабдықтарын пайдалану кезінде де қарапайым ережелерді сақтау керек. Биыл тіркелген 33 өрт оқиғасының 12-сі көлік құралдарында болған. Алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында жанар-жағармай құю бекеттерінде, облыс аудандарында қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде", - деді Хамида Ищанова.

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Айбат Жаңабергенов газбен уланудың алдын алу ережелеріне тоқталды.

"Тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу нұсқаларының бірі ретінде үйде автономды сигнализатор немесе тұншықтырғыш газ датчигін пайдалануға болады. Бұл үйде газ концентрациясының жоғарылағаны туралы белгі беріп, уланудың алдын алады. Сондай-ақ пештер мен газ жабдықтарының түтін мұржасын тазалау қажет", - деді Айбат Жаңабергенов.

Оның айтуынша, биыл Ақтөбе қаласы бойынша 20 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 8-і тұрғын үй секторында, сегізі -  автокөлік құралдарында болып, шығын көлемі 800 мың теңгені құраған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...