• Главная
  • "Табыс" басшысы уақытша жұмыстан шеттетілді
10:44, 7 февраля 2019 г.
Надежный источник

"Табыс" басшысы уақытша жұмыстан шеттетілді

"Табыс" басшысы уақытша жұмыстан шеттетілді

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Ушқын Мыңбаев, Рузия Айдашева және «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Маханов "Табыс" коммуналдық базарының жалға алушылармен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Соңғы келіспеушілік жағдайдан кейін, осы жолы барысында жалға алушылардың талаптары мен ұсыныстары тыңдалды. Облыс әкімі Б.ердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша комиссия құрылып, оқиға себептерін жан-жақты анықтауға кірісті.

Комиссия құрамына жергілікті атқару органдарымен қатар жалға алушылардың ішінен ынталы топ кірді. Базар басшысы оқиға анықталғанға дейін жұмыстан уақытша шеттетілді. 
Комиссия жұмысының қорытындысы 13 ақпанда шығатын болады. Қазіргі уақытта коммуналдық базар қалыпты режимде жұмыс істейді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жалға алушылар базар басшылығына наразылығын білдірген болатын. Олардың айтуынша, жоғарыдағылар себепсіз ақша алып, айыппұл салатын көрінеді. Үлкен дау әкімшілікке дейін жетті.

Альбина Алдрапекова

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...