• Главная
  • Облыста инвесторларды тарту жұмыстары күшейтіледі
16:00, 7 февраля 2019 г.
Надежный источник

Облыста инвесторларды тарту жұмыстары күшейтіледі

 Облыста инвесторларды тарту жұмыстары күшейтіледі

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысына шетелдік инвесторларды тарту сұрақтары қаралды, деп хабарлайды City04.kz.

Жиынды ашқан облыс әкімі соңғы уақытта Ақтөбе экономикасына түскен шетелдік инвестициялар көлемінің азайғанын атап өтті. Соған байланысты инвестиция тартуға тікелей жауапты компаниялар – «Қазақ-Инвест» ҰК» АҚ филиалы өңірлік өкілдігі мен «Ақтөбе» ӘКК» АҚ  басшылары Әнуар Сабыров пен Әнуар Махановтың баяндамалары тыңдалды.

Бердібек Сапарбаевтың есепке көңілі толмады.

««Қазақ-Инвест» ҰК» АҚ филиалы өңірлік өкілдігінің жұмысы қанағаттандырарлықсыз. Сонымен бірге, Ақтөбе облысының Бейжіңде ашылған инвестиция тарту және экспортты дамыту саласындағы өкілдігінің қызметі де сұрақ туғызады. Басты проблема – бақылау мен жұмыла жұмыс істеудің жоқтығы. Облыстың игілігі үшін бірге жұмыс істеудің орнына әркім өз бетімен жұмыс істейді»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Ол өңірге инвестиция, әсіресе шетелдік  инвестиция тарту, сонымен қатар, Ақтөбе облысының «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша қосылған бес жобасын жүзеге асыру жұмысын күшейтуді, тапсырды.

Елшіліктермен жұмыс істеп, біздегі қолданыстағы инвесторларды қостау орталықтарың тиімділігін күшейту керек. Сонымен қатар, инвестициялық қызметке қатысты барлық меморандумдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет. Біздің басты міндетіміз – Елбасының инвестиция туралы тапсырмасын орындау»деді бұл сұрақты өзінің орынбасары Қ.Бекеновке қатаң бақылауға алуды тапсырған облыс әкімі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...