• Главная
  • Ақтөбелік жүзушілер Көкшетаудан 11 медальмен оралды
15:12, 14 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік жүзушілер Көкшетаудан 11 медальмен оралды

Фото: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Фото: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

6-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласында өткен 2008 ж.т. жəне одан кіші ер балалар мен қыздар арасындағы жүзуден «Жемчужина Бурабая» ҚР ашық турнирі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының айтуынша, сайыста «Жүзуден ОРМБЖМ» спортшылары өз бақтарын сынап, 6 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдегерлері атанды. Атап айтар болсақ, Маргарита Бруева - 50м, 100м, 200м баттерфляй, 200м кешенді жүзу барысында 1 орын, Евангелина Артамошина 100м, 200м шалқалап жүзуден екінші орын, Елизавета Владимирова - 100м брасс- 3 орын, Алиса Петухова - 200м кешенді жүзуден 3 орынды еншіледі.

Ал эстафеталық жүзу бойынша 4х50м комбинациялық әдісі бойынша жүзуде ақтөбеліктер бірінші орынға ие болса, 
4х50м еркін жүзу барысында екінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, 8х50м комб. аралас жүзуден алтын медаль бұйырды.

Аталмыш жарыста Маргарита Бруева өзін жүзудің баттерфляй түрінен үздік көрсетіп, Ақмола облысының жүзу федерациясының Кубогін иеленді, тек қана жас спортшымыз емес оның бапкерлері де құрмет грамотасымен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...