• Главная
  • Ақтөбе облысында 105 млрд теңгеге 75 кәсіпорын жаңғыртылды
18:34, 15 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында 105 млрд теңгеге 75 кәсіпорын жаңғыртылды

Ақтөбе облысында 105 млрд теңгеге 75 кәсіпорын жаңғыртылды

Елбасының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауына сәйкес 2017 жылдан бастап Ақтөбе облысында кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру жұмыстары жандандырылды. Екі жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 105 млрд.теңгеге шамамен 75 кәсіпорын жаңғыртылды, деп хабарлайды City04.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есептік кездесуінде хабарлады.

Облыс әкімі цифрландыруды дамыту және жаңа технологияларды енгізу еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өщтті. 2019 жылы тек өнеркәсіптің өзінде кемінде 50 кәсіпорынды жаңғыртып, цифрландыру жоспарлануда. Нәтижесінде олардың еңбек өнімділігі 7% , ал өнеркәсіп көлемі 14%- ға артуы тиіс.

Сондай-ақ өңдеу секторын жоспарлы дамыту жалғасады. Айта кетейік, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 7,3% - дан 11,6% - ға дейін өсті. Осы жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2,4 триллион теңге деңгейінде күтіліп отыр.

Қоса кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында өңір үшін рекордтық 1,9 триллион теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Өндіріс өсімі 5,6% құрады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...