• Главная
  • Ақтөбеде коммуналды тариф төмендеді ме, әлде..?
14:52, 19 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде коммуналды тариф төмендеді ме, әлде..?

Фото из интернета

Фото из интернета

Ақтөбе облысында коммуналды қызметтер тарифінің төмендеуін бақылайтын жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды City04.kz.

Облыс басшысының айтуынша, тарифтердің төмендегені халыққа байқалмайды, бірінші кезекте, халық мұны қалтасымен сезінуі керек.

Осыған орай, Ақтөбеде, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында бүгіннен бастап арзандатылған тарифтерге қатысты ағымдағы жағдайға мониторинг жасауға кірісетін жұмыс топтары құрылды. Олар пәтерлерді аралап, тұрғындармен сөйлесіп, түбіртектерін алып, салыстыру барсында жұмыс атқарады. 

Еске салайық, жаңа жылдан бастап өңірде коммуналды қызмметтердің барлық түрінің құны  төменген болатын. Коммуналды қызметтердің мәліметтеріне сүйенсек, облыста газ, жылу тарифтері 10,2%, жарық 3% арзандады. Сумен жабдықтау  5,5%, су тарту 5,9% төмендеген. Жеделсаты қызметінің тарифі 10% азайып, ПИК қызметі 7,3% арзандады. Домофон қызметі үшін ақтөбеліктер 5% арзан төлей бастады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...