• Главная
  • Ақтөбелік жас жігіт церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен емдейді
14:08, 20 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік жас жігіт церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен емдейді

Ақтөбелік жас жігіт церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен емдейді

Былтыр "Zhas project" жастар корпусын дамыту жобасы аясында 165 ақтөбелік жас өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алып, кәсіпкер атанды. Республикалық жоба жеңімпаздары күшті әсер туғызып, олардың жетістігі одан да көп адамды тартты. Сондықтан жобаны жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінбек. Бұдан басқа, Ақтөбеде жастардың бастамаларына көмектесетін арнайы тәлімгерлер оқытылды.

Миллионға татитын арман

Егер сен үй шаруасындағы әйел болсаң отбасыңды жаңа піскен көкөніспен қалай қамтамасыз етуге болады және мұқтаж жандарға қалай көмектесу керек? Бұл сұрақты Әйтеке ауданының Комсомол ауылында тұратын 23 жастағы Гүлшат Әбдібекова да қойған. Оның өмірі "Zhas project" жобасының арқасында түбегейлі өзгерді.

Осыдан бір жыл бұрын жас ана өзінің жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерге айналатынын елестете де алмаған. Гүлшаттың әр күнінің минуты да бос емес. Демалатын уақыт жоқ, бәріне көмектесу керек,- дейді ол. Екі баланың анасы жобаға қатысып, жылыжай салады да жуа бизнесін жолға қояды. Жүйектер күніне шамамен 5-6 бас жуа береді. Әбдібеовтер отбасы өздеріне шамалысын ғана алып қалып, қалғандарын мұқтаж жандарға береді, балабақшалар мен мектептерге апарады.

"Жылыжай салу ойы кенеттен келді. Жолдасым екеуміздің алған тиісті біліміміз жоқ. Істің кейбір қулықтарын интернеттен қарадық, кейбірін адамдар айтты. Енді біздіің ауылдастарымыздың дастарханында әрдайым жаңа піскен пияз болады",-деп бөлісті ісін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкер келіншек.

Көк жуа өсіру кезіндегі қиындықтар тек басында ғана болған. Жуа өсіру мамандығына ауысуға тәжірибе көмектесіпті. Бүгінде Гүлшаттың ауласында бір ғана көшетхана тұр, бірақ тағы бірнешеуін сатып алуға қаражат бар. Жас кәсіпкер сонда басқа көкөністермен де айналысуға болатынына сенімді. Бойжеткен қызан мен қияр өсіруді армандайды.

"Мен өзіме ұран тастадым"

27 жастағы ақтөбелік Гүлфайра Рамазанова арбадағы жандардың ішкі қиындықтарын еңсеріп, сүйікті ісінбастаулары қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Гүлфайра – бала күнінен мүгедек. Бойжеткен өзгелерге көмектесу үшін диагнозының кедергі еместігіне сенген. Алайда осы уақытқа дейін қалай жәрдем беруге болатынын білмепті.

Шабыт "Zhas project" жастар жобасы туралы естігенде пайда болған. Ақтөбелік қыз бір миллион теңге алып, жабдықтар сатып алады да өзінің фотошеберханасын ашады. Енді Гүлфайра мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-аналары қымбат оқуға түсіре алмайтын балаларды фотосурет өнеріне оқытып жүр.

"Мен өзіме ұран тастадым да өзімнің көп нәрсені істей алатынымды түсіндім",- дейді мақтанышпен Гүлфайра.

Жиырмадан астам адам оқудан өтті. Енді ақтөбелік қыз игі ісін жалғастыру үшін өз біліктілігін арттырғысы келеді.

"Адамдар менің немен айналысатынымды білген кезде олардың көздерінде бұрынғыдай мүсіркеу емес, таңғалу-тәнті болу байқалады",- дейді ол.

Ақшаның орнына "рахмет айтады"

Рахат Бақдәулетовтің өз ісін ашудағы қадамы әлеуметтік желілерде жарнама таратудан басталған. Осылайша ол миллионға татитын мүмкіндік туралы, грант, оқу мен ай сайынғы шәкіртақы туралы біледі. Жобаның арқасында жас жігіт Ойыл ауылында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оңалту үшін иппотерапия орталығын ашты. Сонымен бірге ерекше балаларды емдеу – тегін.

Жылқылар тұрған аула жергілікті емхананың аумағында орналасқан. Кішкентай емделушілердің "дәрігерлері" - Рахат сатып алған екі жылқы. Рахаттың өзі бұрынғы жұмысын тастамаған, ол әлі де дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. "Неге жылқылар" деген сұраққа жас жігіт: "бұл қазақтың қанында бар" деп күліп жауап береді.

Бүгінде иппотерапия оратлығына жиырма ерекше бала барып жүр. Ауылда 24 жасар жігіттің қайырымдылығы жайлы бәрі біледі. Бірақ ол атақтың қажет еместігін, тек қолынан келетін істі ғана жасап жатқанын айтады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...