• Главная
  • Ақтөбедегі бұқаралық спорт жаңа белесте
13:59, 21 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбедегі бұқаралық спорт жаңа белесте

Фото интернеттен алынды

Фото интернеттен алынды

Облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының кезекті алқа мәжілісінің есеп беру кездесуіне басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов 2018 жылғы спорт саласында атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2019 жылға арналған жоспарлары мен міндеттері туралы баяндама жасады, деп хабарлайды City04.kz.

"Ақтөбе ақпарат" хабарлауы бойынша, сала басшысы облыс әкіміне облысымызда соңғы 3 жылда бой көтерген спорттық ғимараттардың тиімді жұмыс жасауы және 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер Ақтөбе облысы бойынша спортшылардың дайындығы туралы ақпарат беріп өтті. 

"Біз өңірде соңғы жылдары спортқа аса көңіл бөліп, көптеген спорттық нысандарды салып жатырмыз. Спортпен айналысамын деген жастарға көмектесе береміз. Осы бағытта арнайы 12 мамандандырылған спорт мектептері бар. Ауылдың балаларын осы спорт мектептеріне барынша тарту қажет. Ендігі мақсат - соларды барынша пайдалану, алдағы уақытта өтетін олимпиадаға лицензия алуға тырысу. Спорт мектептерінің мүмкіндігін пайдаланып, спортшы жастардың күні-түні жұмыс жасауына жәрдемдесу",- деді аймақ басшысы залда жиналғандарға баса назар аударып. 

Айта кетейік ақтөбелік спортшылар қысқы спорт түрлерінен облыс спортының тарихында болмаған жетістіктерге қол жеткізуде.

Ақпан айында өткен 1-ші қысқы Азия балалары халықаралық ойындарында биатлоншылар Влада Васильченко мен Владимир Конивец 1 алтын медальға және шаңғымен жүгіруші Демеужан Батыржан 1 алтын медальға қол жеткізді. Еліміздің ең үздік жас шаңғышылары қатысқан жарыста жалғыз алтын медальға ақтөбелік спортшы қол жеткізіп, бұл жеңісін Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнады. Допты хоккейшілеріміз республикалық қысқы Спартакиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізіп, құрамындағы кемінде 6 спортшымыз 2-12 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін 29-шы Халықаралық қысқы Универсиадаға жолдама алды. Аталған Универсиадаға Ақтөбе атынан кемінде 7 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сала басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарларына  салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барынша пысықтап, күнделікті бақылауға алу жөнінде бірқатар тапсырма беріп өтті.

Шара соңында облыс әкімі дене шынықтыру және спорт саласына еңбегі сіңген қызметкерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрінің төс белгісін табыстап, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...