• Главная
  • Халыққа мінсіз қызмет ету - табысты мемлекеттің кепілі
10:54, 22 февраля 2019 г.
Надежный источник

Халыққа мінсіз қызмет ету - табысты мемлекеттің кепілі

Фото: облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті

Фото: облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті

Деген атаумен 21 ақпанда өткен облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің алқа отырысында қол жеткізген нәтижелер мен міндеттер, сондай-ақ 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды City04.kz.

Ұйымдастырушылар үйреншікті форматағы отырыстан бас тарта отырып, пікір алмасуға еркін талқылау алаңын құрды.

Жаңа кеңейтілген форматтағы шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова,​ облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар және ЖОО-ң басшылары, арнайы мониторингтік топ мүшелері, бизнес, БАҚ өкілдері, және де блогерлер қатысты.

Бейресми диалог облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы Расул Медетовтың атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы қойылған жоспарлар туралы қысқаша баяндамасынан басталды.

Әрі қарай кездесу мемлекеттік органдардың ұйымдастыру мәдениетін өзгерту және мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігіне кедергі келтіретін күнделікті қызметтегі жекелеген элементтерден құтыла отырып, олардың сана-сезімін өзгерту мәселелерін талқылаумен жалғасты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...