• Главная
  • Ақтөбеде жыл басынан бері 17 өрт тіркелген
09:02, 23 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде жыл басынан бері 17 өрт тіркелген

 Ақтөбеде жыл басынан бері 17 өрт тіркелген

Астанадағы қайғылы оқиғаның жаңғырығы: Ақтөбедегі мұқтаж тұрғындардың үйлеріне өрт дабылын хабарлағыштар тегін орнатылуда. Ендігі 150 үй өрт сөндіргіштермен, дербес датчиктермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілді6 деп хабарлайды City04.kz.

Көмек көпбалалы ақтөбеліктерге, жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетіліп жатыр. Қажет болған жағдайда тұрғындардың пештерінің ошақтары алдына қорғаныш құрылғыларын орнатып, мұржаларды және үйлерінің алдындағы қоқыстарын тазартуға көмектеседі. Бұдан басқа, «Үміт» сәбилер үйінде алты өрт шкафы монтаждалған.

Берікбаевтар отбасында төрт бала бар, олардың біреуі – ерекше бүлдіршін. Отағасының айтуынша енді ол үй іші үшін бұрынғыдай алаңдайтын болмайды. Өйткені орнатылған қондырғы кішкене түтіндегеннің өзіне әсер етеді.

«Балалар әрине, отпен ойнамайды, бірақ сақтанған жөн болар»,- дейді Ербол Берікбаев.

Тұншықтыратын газ датчигі жұмысының қағидасы қарапайым – оған түтін тиген кезде ол қауіпті есертіп, қатты дауыс шығарады. Осы бір кішкене дербес «қорапшалардың» арқасында тұрғындар бөлмеден уақытында шығып кете алады,- дейді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Евгений Овчарский.

«Жақсылық жаса» акциясы аясында қырықтан астам үйге қайтарымсыз өрт дабылдары орнатылды. Тағы елу датчикті жергілікті атқарушы органдар жақын арада сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, бүкіл облыс бойынша 25 мың тұрғынмен өрт қауіпсіздігі нұсқаулығы жүргізілді. 16 мыңнан аса агитациялық материал таратылды.

Кішкентай ақтөбеліктерге де өрт шыққан кезде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілуде. Өңірдегі 79 мектепте интерактивті сабақтар жүргізілді.

Былтыр Ақтөбе облысында барлығы 475 өрт болған. Қайғылы оқиға 12 адамның өмірін жалмаса, оның төртеуі балалар. Осы жылдың қаңтар айының өзінде тұрғын үйлерде 17 өрт тіркелген, жапа шеккендер жоқ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...