• Главная
  • Ақтөбеде күштілер бақ сынасады
13:07, 24 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде күштілер бақ сынасады

Фото:Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Фото:Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

23 ақпан, сенбі күні «Жекпе - Жек сарайы» спорт кешенінде гір спортынан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жарысқа қатысушылармен және жанкүйерлермен амандасқан өңір басшысы Ақтөбеде республикалық деңгейдегі жарыстар өткізу өңір үшін əрқашан ерекше оқиға екенін атап өтті.

Чемпионатқа Қазақстанның бүкіл өңірінен келген 250 спортшы қатысып жатыр. Солардың ішінде, Əлем чемпионатының қазіргі чемпиондары мен жүлдегерлері, Азия мен Қазақстан чемпиондары өз өнерлерін көрсетеді.
Ақтөбе облысының намысын 14 гірші қорғайтын болады. Олардың арасында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің 14 дүркін чемпионы, Азияның қазіргі чемпионы əрі рекордшысы, Қазақстанның 26 дүркін чемпионы Евгений Гончаров, юниорлар арасындағы Қазақстан чемпионы Сергей Гончаров, 2018 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Салауат Жұмағалиев пен 2017 жылғы əлем чемпионы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Алмагүл Шамғонова бар.
Еліміздің құрамасы аталмыш спорт түрінен əлемдік рейтингте үшінші орын алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...