• Главная
  • Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қорғалған бұқара өкілдеріне пәтер кілттері табысталды
17:10, 25 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қорғалған бұқара өкілдеріне пәтер кілттері табысталды

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  көп балалы аналармен кездесті. Жетпіс белсенді ана мен әйелдер қатысқан кездесу «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Өңір басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, көп балалы, табысы төмен отбасылар мен аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін облыстық деңгейде әзірленген әлеуметтік көрсету шаралары туралы баяндады.

Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеру туралы тапсырмасына сәйкес, биыл Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасыларға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көлемі 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін өсті. Мектепке дейінгі мекемелерде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тамақтану көлемі 70 пайызға төмендеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 100 пайызы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Халықтың әлеуметтік осал тобынан 3 мың азамат кәсіби оқытуға жіберіледі.Осы топтағы 5 мың адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылады. Әлеуметтік салаға кететін жыл сайынғы шығынның облыс бюджетінің кемінде 50 пайызын құрайтынына қарамастан, жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруға кемінде 1 млрд теңге бөлінеді.

Облыстағы көп балалы, табысы төмен отбасыларды қолдауды әрі қарай күшейту мақсатында облыс әкімі орталық мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар тастады.Кездесу кезінде облыс әкімі көп балалы отбасылар мәселесінің назарсыз қалмайтынына сендірді. Олардың осы және алдыңғы кездесулерде айтқан барлық ұсыныстары мен өтініштері, басқа бапйланыс құралдары арқылы түскен жүгінулері сияқты қатаң бақылауда болады. Көмек мейлінше әрбір мұқтаж отбасыға көрсетіледі.

Айта кету керек, жуырда Ақтөбе облысында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ашық есік күндері» ауқымды акциясы аяқталды. 11-21 ақпан аралығында жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың, құқыққорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары мен мамандары 6 мыңнан аса мәселесі айтылған 5 мыңнан астам адамды қабылдады.Сұрақтар жедел шешілуде, 1426 сұрақ оң шешімін тауып, 4292-не түсіндірулер мен кеңестер берілді, 310 жүгіну шешілу үстінде.

Кездесу соңында үш анаға пәтер кілті табыс етілді. «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорының көмегімен көп балалы,  мүмкіндігі шектеулі, мүгедек баласы бар, толық емес осы отбасылар пәтерлі болды. Ақтөбелік кәсіпкерлердің қолдауымен екі бала тәрбиелеп отырған екінші топтағы мүгедек Шолпан Әбетаеваға, жалғызбасты ана Гүлпаран Байбосыноваға және алты баланың анасы, бүгін жетінші баласын дүниеге әкелген Алтынгүл Кәрібаеваға баспана тарту етілді.

Айта кету керек, Заңға сәйкес, үй сұрағандардың мәселесі шешіледі, бірақ кезек күттірмейтіндердің мәселелерін қаланың кәсіпкерлері - жанашар азаматтарымен  «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры бірлесіп шешіп беретін болды. Міне , бүгін солардың алғашқылары  пәтер кілттерін алып отыр. Үш отбасына пәтер Қарғалы тұрғын үй массивінен, ал 1 отбасына пәтер Абай даңғылынан берілген.

Көмекке мұқтаж 20 әйелге «Анвар» және «Дина» сауда желілерінен сауда жасау үшін 25 мың теңгенің сертификаты берілді. 17 әйел «Зәру» және «Шипагер» шипажайларында демалу үшін тегін жолдама алды.

Альбина Алдрапекова

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...