• Главная
  • «Ақтөбе» хоккей клубы Қазақстан Жастар Лигасының чемпионы атанды
20:31, 25 февраля 2019 г.
Надежный источник

«Ақтөбе» хоккей клубы Қазақстан Жастар Лигасының чемпионы атанды

«Ақтөбе» хоккей клубы Қазақстан Жастар Лигасының чемпионы атанды

2018 жылдың қазан айында құрылған «Ақтөбе» хоккей клубы бірде-бір жеңіліссіз ойын көрсетіп, 2019 жылдың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды City04.kz.

CКоманда маусымда барлығы 32 ойын өткізіп, оның 32-інде жеңіспен аяқтады. Осылайша, турнирлік кестеде 94 ұпайпен көш бастап тұрған Ақтөбе хоккей клубы  «Барыс» және «Арлан»  хоккей командаларын артқа тастады.   Қазақстан хоккей федерациясының статистикасына сәйкес, Ақтөбе ХК шабуылшысы Иван Зинченко жастар лигасының бомбардирлері арасында үздік болып табылады, онымен бірге ондыққа команда капитаны Никита Белашов, шабуылшылар Илья Овечкин, Ницевич Валерий және қорғаушы Евгений Князев кіреді. Сондай-ақ, Евгений Князев лиганың қорғаушылары тізімінде бірінші орында және Дамир Нугуманов пен Кирилл Камерист сынды хоккейшілер осы тізімнің үздік ондығынан көрінді.

Ал лиганың ең мықты қақпашылары тізімінде команданың қақпашысы Никита Акулинин көшбасшы болып тұр. 

Айта кетсек, Ақтөбе спорт тарихында 28 жыл өткен соң өңірде кәсіпқой хоккей командасы қайта пайда болды. Бұл бойынша, яғни Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешімді Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен Қазақстандық хоккей федерациясы қабылдады.

«Ақтөбе» ХК алғашқы ойынын қазан айында өз жерінде петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы өткізген болатын. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...