• Главная
  • 27 талапкер Ақтөбеге жыр арнады
16:31, 26 февраля 2019 г.
Надежный источник

27 талапкер Ақтөбеге жыр арнады

27 талапкер Ақтөбеге жыр арнады

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының ұйымдастырумен "Ана – тілім тұғырым" атты қалалық байқау өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Байқауға мектеп оқушыларымен қатар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлер де қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша сайысқа түскен болатын.

Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, келесі кезеңде патриоттық тақырыпта қалам тербетті. Тақырып - Отан, туған жер, жастар жылы, Ақтөбе қаласының – 150 жылдығына арналды. 

27 талапкер Ақтөбеге жыр арнады, фото-1

Олар өз шығармашылығынан туындаған әр өлеңді, жүрекке жеткізіп, нақышына келтіріп орындады. Байқауға жалпы саны 27 талапкер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар өзара Бас жүлде, 1,2,3 және ынталандыру жүлдесімен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...