• Главная
  • Қаланы су басу қаупін төмендетуге бағытталған 43 іс-шара өткізу жоспарланған
10:24, 27 февраля 2019 г.
Надежный источник

Қаланы су басу қаупін төмендетуге бағытталған 43 іс-шара өткізу жоспарланған

Фото из интернета

Фото из интернета

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Облыста өткізіліп жатқан "Көктем 2019" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Төленбергеновтің төрағалық етуімен "2019 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" мәселелесі бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Отырысқа облыстық комиссиясының мүшелері, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары қатысты.

Отырыс барысында су тасқыны қауіпті кезеңге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ТЖ-дан болатын залалды азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын өткізуге әзірлік, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің авариясыз жұмыс істеуі, қорғаныш бөгендерін, гидротехникалық объектілерді нығайту, су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қаралған мәселе бойынша барлық мүдделік мемлекеттік органдарға су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қажетті деңгейде қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды уақытылы өткізу туралы нұсқаулар берілді.

Оқу-жаттығу шеңберінде облыс бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелерде су басу қаупін төмендетуге бағытталған 43 практикалық іс-шара өткізу жоспарланған.

Альбина Алдрапекова

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...