09:29, 1 марта 2019 г.
Надежный источник

1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін елімізде Алғыс айту күні тойланады, деп хабарлайды City04.kz.

2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Бүгінде қазақ жеріне 100-ден аса ұлт өкілі ауызбіршілікте, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Бұл күні адамдар бір-біріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдіреді. Осыған орай, ақтөбеліктерді және қала қонақтарын бүгін, 1 наурыз күні сағат 12-00-де «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінің алдындағы алаңда Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...