• Главная
  • Ақтөбелік әскери палуан «Батыс барысы» атанды
15:34, 1 марта 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік әскери палуан «Батыс барысы» атанды

Ақтөбелік әскери палуан «Батыс барысы» атанды

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының қазақ күресінен өткен чемпионатта Ақтөбелік сарбаз топ жарып, "Батыс барысы" белбеуін қаңжығасына тақты, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбедегі орталық спорт кешенінде өткен біріншілікке Атырау, Ақтау және Ақтөбе облыстарының әскерилері қатысты. Балуандарға 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары екі салмақ дәрежесінде бақ сынасуға тура келді. Сайыс қорытындысы бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші Мұратбек Аекешов "Әскер барыс"» атағының жеңімпазы атанды. Ал жеңіл салмақта, мерзімді әскери қызметтегі сарбаз, қатардағы жауынгер Тұрсын Байзақ жеңімпаз атанды. Екеуі де Ақтөбедегі 30238 әскери бөлімінің жауынгерлері.

Жалпы командалық есепте Ақтөбе командасы бірінші орынды, Атырау екінші, ал үшінші орынды Ақтау командасы жеңіп алды.

Іріктеу сайысының жеңімпаздары ағымдағы жылғы наурыздың 15-і мен 17-і аралығында Семей қаласында өтетін "Әскер барысы" атағын ие болу құқығына арналған, ҚР Қарулы Күштерінің чемпионатына қатысады.

Қазақстан армиясында дене даярлығы мен спорт жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылатынын айта кету қажет. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ұдайы негізде президенттік тестілер, ай сайын дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Ал жыл соңында қорытынды тексерісте өздерінің көрсеткіштерін растайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...