10:16, 6 марта 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеде әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Фото из интернета
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 13 ақпандағы № 840 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес 2019 жылдың 1 наурызынан бастап Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Шұғыл әскери қызметінің шақырылуына он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы азаматтар жарамды, олардың кейінге қалдырылуға немесе шақырудан босатылуға құқы жоқ.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабына сәйкес Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Ескерту: шақырылушының ісі сот үкіміне қаралуға жіберуден бұрын шақырылушы шақыру пунктіне өз еркімен келген жағдайда жазалаудан босатылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
live comments feed...
Комментарии