• Главная
  • Ақтөбеде Аналар кеңесінің отырысы өтті
12:12, 6 марта 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Аналар кеңесінің отырысы өтті

Ақтөбеде Аналар кеңесінің отырысы өтті

Aқтөбе облысы ҚХА жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын Аналар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Іс-шараның барысында 27 ақпан күні өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII-съезіндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтылған сөздерді талқылау және халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директоры Снабаева Бақытгүл , Облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Дулатбай Гүлжан , Маржан Адижамиқызы Бақтыгереева Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері,Аналар кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері, Облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Қалиева Жұмабике Шамшудинқызы, көп балалы ана, Капшаева Күнсұлу Нагиевна, Аналар кеңесінің мүшелері, қалалық орта мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты. 

Жиын барысында, «Нұр Отан» партиясының 18 съезінде Елбасының қазақстандықтардың тұрмыс сапасын көтеру, рухани құндылықтарды нығайту, көп балалы аналарды қорғау бойынша сөздері талқыланды.

Бақтыгереева Маржан Адижамиқызы-кеңес мүшесі, еңбек ардагері:

«Қазіргі таңда айтуға оңай, көрінетін болар, айлар бойы жалақы мен жәрдемақы алмай, жарық пен жылу болмай, қиыншылықпен өткізген күндерге қарағанда тәуба деуіміз керек. Қиын замандардың бәрі артта қалып, ел болып, еңсемізді тіктегенімізді мойындауымыз керек. Осы Елбасының, әлеуметтік бағдарламаларын қолдаймын, яғни мұғалім мәртебесі көтеріліп жатыр, көп балалы аналарға көмек көрсетіледі. Бұның бәрі халық үшін қуантарлық жағдай».

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...