• Главная
  • Ғаламшар үйі көп балалы аналарға мереке сыйлады
15:42, 6 марта 2019 г.
Надежный источник

Ғаламшар үйі көп балалы аналарға мереке сыйлады

 Ғаламшар үйі  көп балалы аналарға мереке сыйлады

Облыстық планетарийде  Алғыс айту күніне және   Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-өмірдің айнасы!» атты  мерекелік шара өткізілді6 деп хабарлайды City04.kz.

Шараға қаламыздағы көп балалы отбасы арнайы шақырылды.

Шара барысында қазақ әйелі, соның ішінде тарихта ізі қалған асыл жандар туралыжәне 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы айтылды. Сонымен қатар, балаларға арналып, ана туралы мақал-мәтелдер, "Күн ханшайымы" және оның "балалары" - ғаламшарлар туралы мәліметтер көрініс ретінде көрсетілді. Қонақ аналарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Көп балалы аналарға арналғанмерекелік шара дәстүрлі әншілер Құралай Әленова мен Қуанышгүл Серікбайқызы "Арулар, асыл жандар", "Аңсадым-ау, аңсадым", "Халық әндерінен поппури" әндерімен көркемделіп, көктемнің жайма- шуақ күнінде керемет көңіл-күйде өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...