09:19, 7 марта 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеде көпбалалы аналар үшін коворкинг орталығы ашылады
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы активінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының XVIII съезде айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары талқыланды., деп хабарлайды City04.kz.
Отырыс Ақтөбе өтті, оған ҚР Парламенті сенатының депутаттары Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының басшылары, съезд делегаттары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, Ассамблея, кәсіподақ өкілдері, ақпараттық топ мүшелері қатысты.
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам мен мемлекет дамуының жаңа векторын белгіледі. Партия қабылдаған «Әл-ауқаттық қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы еліміздің азаматтарының әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған. Олардың қатарында көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, балалар жәрдемақысын көтеру, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту сұрақтары бар. Президенттің әрбір бастамасы, әрбір шарасы нақты сандармен, қаражатпен бекітілген. Бағдарламаның басты иесі – қарапайым адам, оның денсаулығы мен әл-ауқаты. Президент бөлінген қаржының барлығы да әр отбасыға және нақты бір адамға жетуін өзі қадағалайтынын атап өтті. Сондықтан, қойған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін бізден бірігіп жұмыс істеу талап етіледі", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, сонымен қатар, кәсіпкер-меценаттар отырыс қатысушыларына Президенттің тұрмыс деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындауда қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Айта кетейік, өңірде Елбасы тапсырмаларын орындау жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласында айлығы аз 53 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысы 30%-ға дейін көтерілмек. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 25 мыңнан асатын болады. 3,6 мыңнан аса ата-ана, қамқоршы мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалардың жәрдемақысы 30%-ға дейін артады.
Өңірде толық емес көпбалалы отбасылар үйде отырып жұмыс істей алудары үшін олардың жағдайын жасау жұмыстарын жүргізу, ал ауылдағы көпбалалы отбасыларға бөлек квоталар, гранттар мен шағын несиелер бөлу мүмкіндігін қарастыру, «Бақытты отбасы» партиялық жобасын ескере отыра мұқтаж отбасыларға көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасын қайта қарау жоспарлануда.
Көпбалалылар мен аз қамтылғандар үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3%-бен баспана займын ұсынудың жеңілдетілген механизмі әзірленді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында негізінен көпбалалы отбасыларға арнап шамамен 1,5 мың пәтер салынады. Сондай-ақ, халыққа сапалы денсаулық сақтау қызметін ұсыну, жол инфрақұрылымын дамыту, өңірлік көлік инфрақұрылымы нысандарын, соның ішінде әуежай, авто және теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары күшейтіледі.
Партиялықтар, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығының жанынан әйелдер өздерінің мәселелерімен және ұсыныстарымен бөлісе алулары үшін коворкинг орталығын құру бастамасымен сөз алды.
«Көпбалалы аналармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарымен болған кездесулер көптеген әлеуметтік проблемалардың барын, оларды шешудің жаңа жолдарын іздеу қажеттігін көрсетті. Біз бұл ұсынысты толықтай қолдаймыз. Коворкинг орталықта іскер орта өкілдері отбасыларға тек кеңес беріп қана қоймайды, сонымен қатар, нақты көмек те бере алады»,- деген облыс әкімі ақтөбеліктерді Елбасы тапсырмаларын орындау үшін күш біріктіруге шақырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:00
4 декабря
09:00
4 декабря
18:00
2 декабря
15:15
2 декабря
15:07
2 декабря
Объявления
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии