• Главная
  • Ақтөбелік спортшылар басқарма басшысының қабылдауында болды
10:03, 12 марта 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік спортшылар басқарма басшысының қабылдауында болды

Ақтөбелік спортшылар басқарма басшысының қабылдауында болды

Cпорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов  спортшыларды қабылдады, деп хабарлайды City04.kz.

Шара барысында, жуық арада өткен еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлерімен және жаттықтырушыларымен кездесіп,  спортшыларды жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, 28 ақпан және 3 наурыз аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласында өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионатында Ақтөбе облысының балуандары жоғарғы нәтиже көрсеткен болатын. Атап айтқанда, спортшыларымыз Ақтөбе қоржынына 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдарін салды. Жекелегенде, 61 келі салмақта Ербол Ділмағамбетов 2-орынға және осы салмақта Абылай Сағынғали 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, 70 келіде Есет Дүйсенов 3-орынды, 74 келіде Бибарыс Нұрыллаұлы 2-орынды, 79 келіде Мұратбек Мажитов 1-орынды, 97 келіде Нұркен Кубейсинов 3-орынды және 125 келіде Юсуп Батырмурзаев 1-орынды иеленді.

«Қазіргі таңда, облысымызда күрестен нәтижеміз жаман емес. Оған бүгінгі сіздердің жетістіктеріңіз де дәлел. Нұрислам Санаевтың артынан ерген балуандар сіздерсіздер! Сондықтанда, болашақ чемпиондар арамызда отыр деп сенемін. Сол себепті де, алдағы барлық қадамдарыңызға сәттілік тілеймін»,- деді Мейрамбек Махамбетов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы осындай көрсеткіштерге қол жеткізіп, облыс намысын қорғап жүрген спортшыларға ай сайынғы ақшалай үлес төленетінін, яғни стипендияға тағайындалатын жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...