09:24, 14 марта 2019 г.
Надежный источник

Бүгін – Көрісу күні

Фото из интернета

Фото из интернета

Бүгін Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары Көрісу мерекесін тойлап жатыр. Көрісу күні – береке мен мерекенің, кешірімнің белгісі. Көптен бері ренжісіп жүрген жандар бұл күні бір-бірімен құшақтасып, қауышып: "Жасың құтты болсын!" деп құттықтайды. 

Көрісу күнін кей өңірде Амал мерекесі деп те атайды. 

14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе, қарты бар үйлер оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады.  Міндетті түрде әр үй дастарханын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады. 

Мереке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...