• Главная
  • «Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери аспазшылары анықталды
14:38, 15 марта 2019 г.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери аспазшылары анықталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери аспазшылары анықталды

«Арми-2019» халықаралық армия ойындарының «Далалық асхана» конкурсына дайындық іс-шараларына сәйкес «Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік аспазшылары мен наубайшылары анықталды, деп хабарлайды City04.kz.

«Далалық асхана» конкурсының басты мақсаты халықаралық әскери ынтымақтастықты және әскери-техникалық серіктестікті нығайту, әскери қызметтің мәртебесін өсіру, жауынгерлік даярлықтағы бәсекелестікті арттыру және әскери-арнайы техникалардың мүмкіндіктерін көрсету болып табылады.

Конкурс ережесі үш кезеңге бөлінген, біріншісі – «Атыс даярлығынан жарыс», екіншісі – «Азық-түлік өнімдерінен мәзірге сәйкес тағам мен нан дайындау», ал үшіншісі – «Өз қалауы бойынша берілген азық-түлік өнімдерінен тағам мен нан дайындау». Бірінші кезең барысында әскери аспазшылардың мергендігі сыналса, келесі кезеңдерде олардың бірінші, екінші және үшінші тамақтардың, салқын тіскебасардың, нәрсудың рецептіге орай дайындалуы,оның сапасы бағаланды. Аспазшылардың мәзірінде винегрет салаты, жазғы салат, борщ, солянка, күріш ботқасы бар қуырылған горбушка, картофел қосылған лангет, мүкжидек морсы, құрғақ жемісті компот болды. Сонымен қоса, әскерилер нан мен нан-бөлішке өнімдерін бекітілген рецептіге сай дайындады.

Тамақ және нан өнімдерін әзірлеу үшін әскери аспазшылар мен наубайшылар далалық жағдайда ПП-40 тасымалдайтын плитасын, КП-30 тасымалданатын асханасын, КП-130 прицепті асханасын және прицепті нан әзірлеу блоктарын қолданады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасының құрамына Ақтөбелік 30238 әскери бөлімі мен Ақтаудағы 75488 әскери бөлімінен 2 аспазшы пен 2 наубайшы кірді. Бүгінгі күні команда мүшелері Қарулы Күштердің іріктеу жарысына қызу дайындалуда.

«Далалық асхана» халықаралық армиялық ойындардың азық-түлік қызметі мамандарына арасында өткізілетін ерекше қызықты конкурс болып табылады. Аталмыш сайыс Ресей Федерациясының Мәскеу облысы «Алабино» полигонында өтеді, ал сайыстың ұраны «Жақсы ауқаттансан – ұрыста жетістікке жетесін» сөзі болып табылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Үздік аспазшылар анықтарды #«Батыс» өңірлік қолбасшылығы #«Далалық асхана» конкурсына

Комментарии

Объявления
live comments feed...