Қобдалық ақсақал жайылымдық жерлердің жоқтығына шағымданды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудандарды аралауды жалғастыруда, деп хабарлайды City04.kz.

Осы шара барысында өңір басшысы Ойыл және Қобда аудандарының бірнеше елді мекендерінде болды. Ол Ойыл ауданының Бестамақ ауылында болып, алпыс орындық мектептің тұрғызылу барысымен танысты. Жобаның жүзеге асырылуы 2017 жылдың қазан айында басталған, бірақ әлі пайдалануға берілген жоқ. Құрылысты аяқтауға 160 млн теңге қажет. Жұмысты тезірек аяқтауды талап еткен облыс әкімі қаржыландыру осы жылы толық көлемде жүзеге асырылатынына сендірді.

Аудан орталығы – Ойыл ауылында өңір басшысы орталық аудандық аурухананың ғимаратында болды. Материалдық-техникалық жарақтануын қарап шыққан Оңдасын Оразалин цифрландыру элементтерінің енгізілуіне, атап айтқанда емделушілерге қызметті электронды түрде ұсыну деңгейіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, облыс әкімі төтенше жағдайлар және №14 өрт сөндіру бөлімінен кейін, ғасырлық тарихы бар музыкалық мектепке де барды.

Сонымен қатар, өңір басшысы аудандағы ветеринарлық қызметті дамыту, мал дәрігерлік стансаға жаңа ғимарат беру бойынша бірқатар тапсырмалар берді, өйткені қазіргі ғимарат апаттық жағдайда.

«Сіздерде цифрландыру, электронды есеп жүргізу жұмыстары жүргізілмейді. Сіздердің халыққа қызмет көрсетуіңіз уақыт талабына сай емес. Бұл халықтың наразылығын тудырады. Мемлекеттік қызметтердің барлық түрі электронды форматқа көшу керек. Бұл сұраққа ерекше назар аударған жөн. Бұл Елбасы талабы екенін білесіздер», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Халықпен кездесу аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімі Дастан Сағыров 2018 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму мен 2019 жылға арналған жоспарлапр туралы есеп берді.

«Талдауға сәйкес, жеке инвестиция тарту, өнеркәсіптік кәсіпорындарды енгізу жұмыстары өте әлсіз, былтыр жол бойында қызмет көрсету  жобаларының бірде бірі жүзеге асырылмаған, осы жылға да ондай жоспарларыңыз жоқ. Бизнесті, ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік қолдау құралдары да қолданылмайды. Өткен жылы ауданның бірде бір жобасы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатыспаған. Ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша да ілгерілеу жоқ. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығын күшейту қажет. Шаруашылықтарды нығайтуға жұмыстаныңыздар, ауыл тұрғындарына 2-3 бас емес, кемінде 12-15 бас ірі қара мал сатып алу үшін несие алуға көмектесіңіздер. Сонда ғана олар табыс тауып, ауылдастарын жұмыспен қамти алады»,- деді Оңдасын Оразалин.

Ол сондай-ақ, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жағын жандандыруды, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің расыменде мұқтаж отбасыларға тағайындалуын қамтамасыз етуді және т.б. тапсырды.

«Сіздің аудандағы орташа еңбекақы 76-80 мың теңге, бұл республика бойынша орташа еңбекақыдан екі есе аз. Азаматтардың табысын көтеру – Елбасы тапсырмасы. Бұл жерде аудан биліктері де күшеюлері керек»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Кездесу кезінде аудан тұрғындары облыс әкіміне толғандырған сұрақтарын қойды. Көбінесе, елді мекендерді газдандыру, жол құрылысы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрады.

«Бұл өкінішке қарай, бір күнде шешілетін проблемалар емес.  Бірақ, сіздердің барлық сұрақтарыңыз қаралып, біртіндеп шешілетін болады. Өйткені, ауылдардың инфрақұрылымдық дамуы, цифрландыру, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеру – Елбасының негізгі тапсырмаларының бірі»,- деп сендірді облыс әкімі.

Ақсақалдардың бірі жайылымдық жерлердің жоқтығына шағымданды. Оңдасын Оразалин аудан әкіміне аталмыш мәселені егжей-тегжейлі анықтауғажәне оған барлық деректемелер туралы толық хабарлауға тапсырма берді.

Кездесу соңында облыс әкімі сондай-ақ, тары өсіруді жандандырып, тарыны Ойыл ауданының нағыз брендіне айналдыруға тапсырма берді. Кейін Оңдасын Оразалин азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Сапар кезінде облыс әкіміне үйлері өртенге екі отбасы жайында белгілі болды. Облыс басшысы оқиға орнын қарап шығып, жапа шеккендермен әңгімелесті.

Өрттің салдарынан Ержан Еңсегеновтің жанұясы баспанасыз қалды. Ер адамның үйі жартылай зардап шеккен, қазір үй тұруға жарамсыз, бірақ қалпына келтіруге болады. Өзі мүгеек әрі қаражаты жетпейтіндіктен Ержанның үйді қалпына келтіруге қауқары жоқ. Оңдасын Оразалин үйді қарап шығып, аудан әкіміне құрылыс материалдары мен жұмыс күші жағынан көмек беруді тапсырды. Үйді осы жазда толықтай жөндейді деп күтіліп отыр. Осыған дейін әкімдік Еңсегеновке үй жалдап берген.

Ерлі-зайыпты Қаженовтардың алты баласына жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Бұл отбасы да үйлерінен өрт кезінде айрылған.

Күннің екінші жартысында өңір басшысы Қобда ауданына барды.

Түстен кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданының Егіндібұлақ ауылында орналасқан мектеп жанындағы интернатты аралады. Қазіргі уақытта интернатта 25 тәрбиеленуші бар. Демалыс бөлмесі, оқу залы, жуыну бөлмелері, медициналық кабинеті жұмыс жасайды.

Осы тұста облыс әкімі О.Оразалин аудан басшылығына интернаттағы білім сапасын көтеріп, оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкестендіруді тапсырды. Әсіресе, балалардың оқу үлгеріміне етене көңіл бөлу керек деді.  

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі шаруа қожалықтарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

         «Жаңа технологияны пайдаланып егістік көлемін көбейту керек. Егіннен тыс малдың басын да арттырған жөн. Жергілікті ауылдың адамдарын жұмысқа тартып, кәсіптің көзін үйрету қажет» - деп атап өтті өңір басшысы.

         Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет облыс басшысына ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.

«Аудандағы ірі қара мал басы тұрғындарға шаққанда 2-3 тен ғана келеді. Сондықтан мал өсірем деушілерге қолдау көрсету керек. Сонда ғана олар жауапкершілікті сезініп, өнім көлемі мен табысы артады. Екіншіден ауылдастарын жұмыспен қамтиды. Қай жерге барсаң да малшы керек. Соңғы кездерде осы мамандықтың тапшылығы қатты сезіледі. Бұл проблеманы да мен жақсы білемін. Дей тұрғанмен осы бір ескі мамандықтың беделін арттырып, олардың жағдайын жасау керек» - деді аймақ басшысы аудан халқымен кездесу барысында.  

Бұдан кейін өңір басшысы аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, жиыннан соң қобдалықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сонымен қатар, аудандағы жаңадан салынған мектеп пен көпқұрылымды спорттық кешіннің жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Сондай ақ, жиын соңында аудан әкіміне өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған нақты тапсырамаларды жүктеді. 

Облыс әкімі Оңдасын Уразалин Қобда ауданына барды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Общество
После нашумевшей драки старшеклассниц в Актобе заявления об увольнении по собственному желанию подали директора трех школ, в которых учились девочки. Случай с подростками разбирала спецкомиссия, по окончании работы которой педагоги и решили уволиться. Их заявления подписали в районном отделе образования. Однако областное руководство назвало такое решение поспешным. Директоров вернули в школы. А наказание понес глава районного отдела образования. «Руководит...
Общество
Актюбинские предприятия задолжали своим рабочим 44 миллиона тенге. Положенных выплат ожидают порядка 150-ти человек. Это бывшие сотрудники компаний, занимавшихся добычей сыпучих материалов, бурением нефтяных и газовых скважин. Оба товарищества в настоящее время признаны банкротами. Между тем, как сообщили в Управлении по инспекции труда, с начала года защищены права двух тысяч семисот рабочих, им выплачено порядка четырехсот миллионов тенге. Бауыржан Ураза...
Общество
Они пропали с прилавков торговых точек, при этом спрос на них растет с каждым днем, чтобы найти, спички людям приходится обходить сразу несколько магазинов. Раньше спички не входили в список ходовых товаров, однако сейчас в Актобе их стало затруднительно найти в магазинах, передает сайт телеканала КТК. Продавцы отмечают, что проблема возникла еще в конце лета. Торговцы сами не понимают, откуда появился дефицит товара. Раньше подобных ситуаций не возникало,...
Криминал
24-летний актюбинец обманным путем оформил на своего друга два онлайн-кредита, передает корреспондент МИА «Казинформ» со ссылкой на департамент полиции Актюбинской области. 18 сентября в полицию обратился 22-летний актюбинец, который сообщил о факте интернет-мошенничества, совершенного его другом. Он рассказал, что в мае 2020 года его друг оформил без его ведома онлайн-кредит в 2 кредитных организациях. Как оказалось, ранее задержанный и находившийся под п...
Бизнес
В Актобе завершился конкурс грантов на открытие бизнеса по программе «Дорожная карта бизнеса-2020». О конкурсе грантов в ходе выступления на площадке региональной службы коммуникаций рассказал руководитель управления предпринимательства Нурхан Тлеумуратов. По словам Н. Тлеумуратова, на конкурс грантов поступило в этом году 204 заявки, из них в результате работы комиссии было отобрано 34 лучших проекта. «В этом году на финансирование грантов из бюджета было...
Общество
Проект запущен при поддержке посольства Израиля в Казахстане. Социальный проект школа-мастерская «Қадам» реализуется с целью вовлечения родителей детей с аутизмом в трудовую деятельность, в самореализацию с перспективой трудоустройства и открытия своего дела. На первом этапе реализации проекта участвуют 14 мам ОО «Ассоциация родителей детей с аутизмом «РАСтемка». Они будут постигать азы швейного дела, учиться применять навыки не только в бытовой повседневн...
Спорт
«Актобе» в матче третьего тура Первой лиги победил с крупным счетом «Байконур» – 5:0.«Актобе» – «Байконур» – 5:0. Голы: Олег Чернышов 1, Бобан Джорджевич 25, 61, Владислав Прокопенко 41, Рифат Нурмугамет 88. Предупреждения: Танжариков Адильхан 22, Темирхан Рустам 45+1, Джорджевич Бобан 77, Жахаев Айбол 89. «Актобе»: Нарзикулов Жасур (к), Куаджа Куасси, Джорджевич Бобан, Танжариков Адильхан (Саулет Ардак 67), Темирхан Рустам, Кукеев Жамбыл (Нурмугамет Рифат...
Экология
В Актобе насчитали больше 330 тысяч деревьев. Специалисты провели инвентаризацию и создали единую электронную базу данных зелёных насаждений, сообщает корреспондент «Хабар 24». Теперь у каждого дерева есть свой паспорт, в котором указано его местоположение, вид, возраст и стоимость. Учитывая резко континентальный климат, в областном центре лучше всего приживаются вяз, мелколистный и клён. А всего в городе растут почти 60 видов деревьев, в том числе и красн...
Криминал
С прошлого года ликвидировано более 50 подпольных цехов по производству суррогатной алкогольной продукции. Об этом сообщил председатель Комитета по финансовому мониторингу МФ РК Жанат Элиманов. «Из нелегального оборота изъято свыше полутора миллионов бутылок, около 400 тысяч литров спирта, а также 500 тысяч поддельных учетно-контрольных марок», - сказал Жанат Элиманов во время онлайн-брифинга в СЦК. Он привел примеры. «К примеру, один из производителей вод...