• Главная
  • Ақтөбеде жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар бойынша республикалық пән олимпиадасы аяқталды
19:46, 20 марта 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар бойынша республикалық пән олимпиадасы аяқталды

Ақтөбеде жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар бойынша республикалық пән олимпиадасы аяқталды

ҚР Білім және ғылым вице-министріЭльмира Суханбердиева мен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинжаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің республикалық олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды City04.kz.

Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева құттықтау сөзінде: «Ақтөбеліктерді 20-шы республикалық олимпиаданы өткізу құрметіне ие болғандары үшін құттықтаймын. Есте қаларлығы, бұл біріншілік алғаш рет сонау 1998 жылы осы Ақтөбеде өткізілген және мерейтойлық 20-шы олимпиада да осы жерде жоғары деңгейде өтті»,- деді.

Зияткерлік біріншілік Ақтөбеде «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанынан 15-20 наурыз аралағында өтті. Оған 832 оқушы қатысты, оның ішінде ең айтулы халықаралық олимпиадалардың сексеннен аса бірнеше дүркінжеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

«Республикалық олимпиаданың финалын қабылдау – біздің облыс үшін үкен құрмет. Ақтөбе жері – Қобыланды мен Әлия Молдағұлова сынды ержүрек батырлардың, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің, ғалым Құдайберген Жұбановтың, бірегей әнші Димаш Құдайберген мен басқа да ұлы тұлғалардың туған жері. Бір апта ішінде елдің 800-ден аса үздік жас ақылдылары жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдардың мықтысы атағы үшін сайысқа түсіп қана қоймай, біздің облыстың мәдени-тарихи көрікті жерлерімен жақын танысты. Сіздер дарындысыздар және біздің тәуелсіз еліміздің болашағысыздар. Әрқайсысыңызға Отан игілігі үшін жемісті қызмет етуде өмір жолдарыңыз жарқын болсын деп тілеймін»,- деді оқушылармен амандасқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы отырғандарды да Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға бірлік, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Айта кетейік, осы жылғы олимпиаданың ерекшелігі – ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық айналым онлайн тәртіпте трансляцияланды. Әрбір қалаған адам жарысқа виртуалды түрде қатысып, оқушылардың жауаптарын тексеру кезінде қазылар алқасы жұмысының әділдігіне көз жеткізе алды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...