12:13, 28 марта 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеде "Шашу" салты жаңғырды
Ақтөбеде "Ұлы Дала жеті қыры" бағдарламалық мақаласы мен ҚХА "Қайырымдылық керуені" жобасын жүзеге асыру мақсатында, "Қоғамдық келісім" КММ мен №17 мектеп-гимназиясымен бірлескен "Шашу" іс-шарасы өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Аталмыш шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, "Қоғамдық келісім" КММ сарапшылары, өңірлік "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының мүшелері, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
"Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының бірлігін нығайту, өскелең ұрпақтың мәдени-рухани құндылықтарын қалыптастыру, азаматтық бірлікті нығайту және ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге жәрдемдесу болып табылады. Қатысқан барлық жанға шексіз алғысымызды білдіреміз", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде көнеден келе жатқан "Шашу" салтанатты дәстүріне байланысты театрландырылған көрініс өтті. Сонымен қатар, облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен мектеп оқушыларының қатысуымен "Қазақстан-киелі мекенім" атты концерт тамашаланады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
07:00
9 декабря
Объявления
live comments feed...
Комментарии