15:02, 28 марта 2019 г.
Надежный источник
«Қарапайым заттар экономикасы» атты жобалық кеңсе - Ақтөбеде
Кеңсе жұмысы, негізінен, өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруға қолдау көрсетуге бағытталған. Ақтөбе облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында жұмыс істей бастайтын кеңсе құрамына әкімдік пен «Даму» қорының өкілдері кіреді, деп хабарлайды City04kz.
Жобалық кеңсе қызметінің негізігі мәселелері жөнінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанованың және «Даму» қорының директоры Берік Нұрғалиевтің қатысуымен өтетін БАҚ-на арналған брифингте айтылады.
Кеңсе бизнес-қоғамдастықты қарапайым заттардың экономикасын дамытуға шақырады, жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіреді және кәсіпкерлердің өз жобаларын жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерді шешуге, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыруға ықпал ететін болады.
Алдағы уақытта бұл құрылым жобаларға бизнес-жоспар жасалған уақыттан бастап, қаржыландыру кезеңіне дейін қолдау көрсетіп қана қоймай,оның іске асырылуын қадағалап отырады және қажетті көмек көрсетеді .
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан үкіметі қарапайым заттар экономикасының дамуына 600 млрд теңге бөлген еді.
Осы соманың400 миллиард теңгесіөңдеу өнеркәсібініңжәне қызмет көрсету саласының дамуына жұмсалатын болады. Бағдарламада қарыз алушыларды 15% -дан аспайтын мөлшерде несиелендіру механизмі қарастырылған, оның 8% жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздері төлейді. Қалған сома «БЖК-2020»және агроөнеркәсіптік саланы субсидиялау бағдарламасы аясында жеті жылдық мерзіммен мемлекеттік субсидия арқылы өтеледі.
Жеңілдетілген несиелер, негізінен, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға, атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп саласына, сондай-ақ, жиһаз, құрылыс материалдары мен агроөнеркәсіп өнімдерін өндіруге беріледі. Бағдарлама бойынша дайын өнімді өндіруге, сондай-ақ,қажетті шикізат пен бастапқы өңдеу өнімдерін алу және әрі қарай өнімдерді сату бойынша да қолдау көрсетіледі.
Бағдарлама аясында өндiрiстiк циклдың барлық кезеңдерiн дамытуға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ мамандар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, құжаттама, кепілдіктер беру, сату нарығын іздестіру саласындағы мәселелерді шешу үшін кәсіпорындардың диагностикасын жасайды.
Мұндай кешенді әдіс жаңа өндірістерді құрумен қатар, қолданыстағы кәсіпорындардың қосымша жұмыспен қамтылып,жаңғыруына мүмкіндік береді. Жалпы, елімізде аталған бағдарламаны іске асыру 2025 жылға қарай 365 тауар түрі бойынша өндірісті 2,4 есеге ұлғайтып, импорт үлесін 37% -ға дейін азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Бүгінгі күні аталған бағдарламаға9 екінші деңгейлі банк қосылды. Қаржы алғысы келетін кәсіпкерлердіңАқтөбе облысының Жобалық кеңсесінежолығып, жобаларын жүзеге асыруына қолдау ала алады.
Жобалық кеңсенің мекен-жайы: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр д-лы, 22K, «Қазына» бизнес орталығы. Ақпараттық телефондар: 8 (7132) 744-611 (ішкі 1509), 744-612 (ішкі 1526). Электрондық пошта:[email protected]
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
live comments feed...
Комментарии